Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді
Алматыда үш жүкті әйел коронавирустан емделуде, деп хабарлайды Stan.kz.
Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта жұқпалы аурулар ауруханасында коронавирус инфекциясы бар 122 адам бар.
"89 науқастың жағдайы қанағаттанарлық, 8 адамның жағдайы ауыр, 25 ересек адамның жағдайы орташа. Емделіп жатқандардың ішінде үш жүкті әйелдер бар", - деді Әбілдаев.
Ведомство басшысы қазіргі уақытта емханаларда 186 адам бар, олардың 10-ы балалар, 426-сы карантинде, ал 699 адам үй карантинінде екенін хабарлады.
Еске салсақ, соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда 979 адам коронавирусты жұқтырған, олардың 172-сі Алматыда.