Шұғыл қабылдау бөлімдері жұмысын жалғастыра береді
Елімізде коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында енгізілген төтенше жағдай режимі алматылық дәрігерлерді қашықтан адам қабылдауға мәжбүрлеп отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Емханалардағы шұғыл қабылдау бөлімдері жұмысын жалғастыра береді. Дегенмен, қабылдаулар мен кеңес берулердің басым көпшілігі қашықтан өткізіледі», - деп мәлімдеді Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
Екпе егу жұмыстары айрықша бұйрық берілгенге дейін кейін шегеріледі, ауруханаға жоспарлы түрде жатуға да шектеу қойылады. Дәрі-дәрмекті тегін алып жүрген науқастарға дәрілік препараттар тегін жеткізілетін болды. Дәрігерлер қарт адамдардың үйлеріне барып, тексеріп тұрады.
Бұдан өзге, қарта адамдарға психологтар да барып, карантин кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы хабардар етеді.