Бұл адамдардың ол препаратты базарда іздеп жүрмеуі үшін жасалып жатыр
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус пен пневмонияны үйде емдеу хаттамасына тағы бес дәрі қосылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
«Біз пневмонияны, коронавирус пневмониясын және коронавирусты үй жағдайында емдеуге бес фармацевтикалық препаратты қосу бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Бұл адамдардың ол препаратты базарда іздеп жүрмеуі үшін жасалып жатыр», – дейді министр ОКҚ брифингінде.
Министрдің сөзінше, оған антикоагулянт, қызу түсіретін және антибиотиктер жатады.
«Бұл біздің азаматтар дәріханадан жиі іздейтін препараттар. Бұл дәрілерге медицина қызметкерлері тарапынан түзету енгізу керек. Бүгінде біз осы препараттарды дәрігерлердің бақылауы арқылы үй жағдайында емделуге қоспақпыз», – деп түсіндірді Цой.