Коронавирус: Әлемдегі ахуал

22.12.2020 21:34

Алғашқы бестікте АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ресей және Франция тұр

Фото: ашық дереккөзден

АҚШ билігі Қазақстанға коронавируспен күрес үшін 6,2 миллион доллар көмек ретінде бермекші, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сонымен қатар, лабораториялық жабдықтар жібереді. Өзгелерге қол ұшын созып, мәрттік көрсетіп жатқан мемлекеттің өзінде COVID-19-ға қатысты жағдай мәз емес. Бір күнде 400 мың адам ауру жұқтырған. 

Францияда 27-ші желтоқсаннан бастап жаппай вакцина егу науқаны басталады. Алдымен екпе халықтың осал тобына салынады. Бірақ препаратты салдыру әр адамның өз еркінде. 

Ал әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 77 миллионнан асты. Алғашқы бестікте АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ресей және Франция тұр. 1 миллион 700 мыңнан көп науқас кеселдің кесірінен көз жұмған.