631 адам карантинде жатыр: Алматыдағы эпидемиологиялық ахуал қандай

пресс-служба акимата г. Алматы
пресс-служба акимата г. Алматы
ҚДБ басшысы коронавирус жұқтырған 23 адамның жай-күйі туралы айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысы Тілеухан Әбілдаев қаладағы эпидемиологиялық ахуалмен таныстырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бүгін Алматыда COVID-2019 жұқтырған 23-ші жағдай анықталды. Бұл 15 наурызда Ыстамбұл – Алматы рейсімен ұшып келген, вирусы бұған дейін расталған адаммен байланыста болған әйел.

Осыған байланысты, ол Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында карантинде болған. Бұдан басқа, оның ЖРВИ-ға ұқсас катаральды симптомдары болған. Қазіргі уақытта пациенттің жай-күйі – қанағаттанарлық.

«Қазіргі таңда қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында коронавирус диагнозымен расталған 20 пациент және Балалар жұқпалы аурулар ауруханасында 2 бала және бір баланың анасы жатыр. Бүгінде екі баланың жай-күйі – оң динамикамен жақсарумен, орташа ауыр, қалған науқастарда – қанағаттанарлық. Жалпы, 4 провизорлық госпитальда 631 адам карантинде, 1243 адам үй карантинінде жатыр. Карантиндегі барлық адамның температурасы қалыпты жағдайда, катаралдық құбылыстар жоқ», - деп атап өтті Тілеухан Әбілдаев.

Спикер сонымен қатар, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін төмендегі нұсқауларды мүлтіксіз орындау қажет екенін де айтып өтті:

- қолды жиі жуып, антисептиктерді қолданған жөн. Қолды сабынмен әрбір жарты сағат сайын 20 секунд бойы жуу керек. Егер жақын маңда қол жуатын орын, сабын болмаса, онда микробтарды кәдімгі антисептикпен жоюға болады;

- бөлмені жиі желдету қажет;

- қоғамдық орындардан аулақ болған жөн;

-  қол алысуға және басқа да жақын байланыс жасауға болмайды;

- иммунитетті күшейту  қажет;

-  суық тию және тұмау ауруларының белгілері (симптомдары) байқалса, өзін жайсыз сезінсе, құрғақ жөтел болса, онда бірден емханадан дәрігерді немесе жедел жәрдемді шақыру қажет әрі маска киген жөн.

Анықтама үшін 1406 нөмірі бойынша Call-орталық тәулік бойына жұмыс істейді.

Ресми ақпаратты әлеуметтік желідегі Алматы қаласы әкімдігінің сайты мен ресми парақшалардан алуға болады. Қосымша ақпарат Telegram-каналдағы Stopcov Almaty және «Darmen» қосымшасында жедел жарияланады.


Новости партнеров