Ресей коронавирус жұқтырғандар саны бойынша Қытайдан асып кетті

27.04.2020 в 21:36

Соңғы тәулікте Ресейде 6198 адамнан инфекция анықталды

Ресей коронавирус жұқтырғандар саны бойынша Қытайды басып озды, деп хабарлайды Tengrinews.kz  Хопкинс университетінің мәліметтеріне сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, Қытайда COVID-19 індетінің таралуы басталғалы бері 83 912 адам вирус жұқтырған. Ал Ресейде - 87 147 оқиға тіркелген.

Соңғы тәулікте Ресейде 6198 адамнан инфекция анықталды. Бұл елдегі антирекорд. Ал Қытайда осы уақытта үш оқиға тіркелген.

Ресейде коронавирустан барлығы 794 адам қайтыс болды, ал Қытайда 4637 адам.


Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырғандар саны 2791 адамға жетті