Алматыда КВИ жұқтыратын негізгі орындар – сауда нысандары

29.07.2021 21:37

Мегаполистің бас санитарлық дәрігері алматылықтарға міндетті түрде бетперде тағуды, жұмыс бөлмесін, үй-жайларды үнемі желдетіп отыруды, адам көп жиналатын орындарға бармауды өтінді

Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин тұрғындарды өзара  байланысты шектеуге шақырды. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында дерт жұқтыратын ықтимал орындар  сауда нысандары, отбасылық жиындар және қоғамдық көліктер екенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ж. Бекшин инфекцияның жұқтыру  эпидемиологиядағы стандартты көрсеткішке қатысты екенін атап өтті. Ал, бұл карантиндік шаралардың тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.

Соңғы 7 күнде Алматыда КВИ жұқтыратын негізгі орындар мыналар: сауда нысандарында – 35%, отбасылардағы жиындар – 19%, қоғамдық көлікте қатынау – 16%, базарлар - 14%, саябақ пен халықтың демалатын жаяу жүргіншілер көшелері – 3,6% болды.  

Сонымен қатар, инфекцияның нақты орындары анықталды. Соңғы аптада туыстармен және көршілермен байланыс кезінде КВИ инфекциясы 0,2–0,4%-ға өсті. Орамішілік азық-түлік емес дүкендерде – 0,1%-ға және қоғамдық тамақтану нысандарында, мейрамханаларда, дәмхана мен асханаларда – 0,2%-ға, монша мен сауналарда – 0,4%-ға жұқтыру өскені байқалды.

«Ashyq» жобасына қатысушы нысандарға бару кезінде жұқтырғандардың үлес салмағы 106-дан 186 адамға дейін артты, бұл олардың кіреберістегі келушілерді бақылау бойынша ресми жұмысы туралы куәландырады. Жобаға деген осындай көзқарас ХҚКО-да 16 адамды, сауналарда, бассейн мен фитнес-орталықтарда 11 адамды, мейрамханаларда, кафелерде 8 қала тұрғынын және банкет залдарында 5 адамды анықтады», – деді Ж. Бекшин.

Мегаполистің бас санитарлық дәрігері алматылықтарға міндетті түрде бетперде тағуды, жұмыс бөлмесін, үй-жайларды үнемі желдетіп отыруды, адам көп жиналатын орындарға бармауды өтінді. Инфекцияға күдік туындаған жағдайда, бірден дәрігердің көмегіне жүгініп, басқа адамдарға жұқтырмау үшін шектеу шараларын сақтау қажет.