Шетел азаматтары үшін Қазақстанда екпе салғызу мүмкіндігі жоқ
Тұрғылықты мекен-жайы қалада, десе де емханаға тіркелмеген вакцина алушыларға міндетті медициналық сақтандыру бойынша арнайы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.
Еріктілерге кез келген алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орнына тіркелу қарастырылған. Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасы бойынша, вакцинаны тек ел азаматтары мен ресми құжаты бар қандастар ала алады. Шетел азаматтары үшін Қазақстанда екпе салғызу мүмкіндігі жоқ.
Айта кетейік, қалада атқарылып жатқан вакцинация жоспар бойынша тек Алматы тұрғындарына арналады. Ал екпе салу корпоративтік табыс салығы негізінде, яғни тұрғындар үшін тегін түрде жүзеге асады.