37 медицина қызметкерінің туыстарына біржолғы төлем аударылған
COVID-19 инфекциясы мен пневмония жұқтырған 3 мың 800 ден астам медицина қызметкері екі миллион теңгеден алды. Бұл мәліметті Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі таратып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры аурудың салдарынан қайтыс болған 37 медицина қызметкерінің туыстарына біржолғы төлем аударған. Өңірлер бойынша ақ халаттылар арасында COVID-19 немесе вирустық пневмонияны жұқтыру жағдайы бойынша ең көп төлем Нұр-Сұлтан, Алматы қаласы мен Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарының медицина қызметкерлеріне төленіпті. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 12 830 медицина қызметкері коронавирустық инфекциямен және онымен байланысты пневмониямен ауырған.
ГРАФИКА:
Ең көп төлем:
Нұр-Сұлтан - 759;
Алматы - 427;
Қарағанды - 404;
Шығыс Қазақстан - 298;
Батыс Қазақстан - 261;
Ақмола - 256