|
29.10.2020 | 16:41
978

Алматы әуежайынан ПТР-анықтамасы болмаған бір шетел азаматы еліне қайтарылды

Қазақстанға келген барлық авиажолаушылардың 98 пайызында ПТР анықтамаcы болған

Алматы әуежайынан ПТР-анықтамасы болмаған бір шетел азаматы еліне қайтарылды

Алматы әуежайынан ПТР-анықтамасы болмаған бір шетелдік еліне қайтарылды. Ол Түркиядан әуе рейсімен келген Тәжікстан азаматы, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жалпы Қазақстанға келген барлық авиажолаушылардың 98 пайызында COVID-19-ға ПТР анықтамаcы болған. Бұл туралы Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді. Өңірлер ішінде авиажолаушылардың барлығында, яғни 100 пайыз ПТР анықтамаларымен Қарағандыға қонған. Осы күнге дейін қаланың карантиндік стационары жолаушыларды қабылдамаған. Ал, бүгін түнде Қазақстанға 10 халықаралық әуе рейсі қонған. Онда 1072 жолаушы болған. Оның ішінде 1047 адамда анықтама болса, 25 қазақстандық анықтама алмаған.  Жолаушылар Түркия, Ресей, Біріккен Араб Әмірліктерінен халықаралық әуе рейстерімен жеткен.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир