ДДСҰ: Коронавирус салдарынан өлім саны күрт артты

15.10.2020 21:41

Бүгінде әлем бойынша коронавирустық инфекцияны жұқтырғандар көбейіп келеді

Фото: ашық дереккөзден

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус салдарынан өлім-жітім санының күрт артып кету қатері туралы ескерту жасады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Халықаралық ұйымның бас ғылыми қызметкері Сумья Сваминатанның айтуынша, бүгінде әлем бойынша коронавирустық инфекцияны жұқтырғандар көбейіп келеді. Ал өлім-жітім жағдайы мен ауруды жұқтырғандар санында әрдайым екі апта айырмашылық болтынын еске салды ол.