Шымкентте өткен тәулікте COVID-19 жұқтыру жағдайы тіркелген жоқ

20.08.2020 21:45

Бүгінде провизорлық станционардағы төсек орындардың 88 пайызы бос

Фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында өткен тәулікте коронавирус инфекциясына шалдыққан науқас тіркелген жоқ. Қаладағы эпидемиялық ахуал күннен күнге жақсарып келеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Egemen.kz-ке сілтеме жасап.   

Бүгінде провизорлық станционардағы төсек орындардың 88 пайызы бос. Вирус жұқтыру деңгейінің төмендеуіне қалада жүргізіліп жатқан алдын алу жұмыстары септігін тигізді. Дегенмен медицина мамандары әлі де босаңсуға болмайтынын ескертеді. Мейлінше сақтық шараларын күшейтіп, карантин талаптарын ұстануға шақырады.

Айта кетейік, Шымкент қаласыда бүгінге дейін Сovid-19 жұқтырудың 5155 фактісі тіркелді. Оның ішінде 2627-сі – симптомды, 2528-і – симптомсыз жағдай. Ал 4330 науқас коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.