31 тамыздан бастап бірқатар нысандар қызметін қайта бастайды

blog.decathlon.ru
blog.decathlon.ru
Жаттығу залдары мен бассейндер жұмыс істейді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ведомствоаралық комиссия биыл 31 тамыздан бастап бірқатар нысандардың қызметін қайта бастау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Діни объектілер (жеке, ұжымдық іс-шаралар өткізілмейді); бассейндер (жеке форматта, 1 келушіге 5 ш. м. су беті есебінен, алдын ала жазылу арқылы); жаттығу залдары (1 келушіге 5 ш. м. дейін, алдын ала жазылу арқылы); спорт кешендері (1 келушіге 5 ш. м. дейін жеке және топтық жаттығулар үшін); мәдениет нысандары (1 келушіге 5 шаршы метрге дейін, толымдылығы 50%-дан аспайды, оның ішінде кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 30 адамға дейін ұжымдық дайындықтар, үзілістерде бөлмелерді желдету, бетперде кию) жұмысына рұқсат берілді»,– делінген хабарламада.

Новости партнеров