Қазіргі уақытта Жаңа Зеландияда коронавирустан қорғанудың сары режимі енгізілген
Жаңа Зеландия денсаулық сақтау министрлігі дүйсенбі күні коронавирустың 6 910 жаңа жағдайы тіркелгенін және 16 адамның пандемиядан қайтыс болғанын мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта ауруханаларда COVID-19-дан 836 науқас ем қабылдап жатыр, соның ішінде 27 адам интенсивті терапия бөлімінде. Жаңа Зеландия билігі пандемия басталған 2020 жылдан бері коронавирустың 1 559 072 расталған жағдайын хабарлады, қайтыс болғандар саны - 2 006 адам. Қазіргі уақытта Жаңа Зеландияда коронавирустан қорғанудың сары режимі енгізілген. Оған сәйкес, вирусты азайту бойынша ешқандай шектеу шаралары қарастырылмаған.