Елордада жексенбі күні қоғамдық көлік жүрмейді

28.01.2021 21:47

Бұл күні дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі

astana.gov.kz

Жексенбі, 31 қаңтар күн елорданың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, қалада және қала маңына қатынайтын автобустардың қозғалысы тоқтайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан әкімдігінен мәлім еткендей, бұл күні дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. Дүйсенбіде барлық бағдарлар штаттық режимде қатынай бастайды. 

Еске салайық, карантин талаптарының күшейтілуіне байланысты автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды. 

Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді. Елорда стационарларында коронавирусқа шалдыққандар санының артуына байланысты медицина қызметкерлері тұрғындарға үндеу жасап, санитарлық нормаларды сақтау қажеттігін еске салды.