Карантин: Үндістанда ер адам еліне жету үшін өтірік өлген

Ашық дереккөз
Ашық дереккөз
70 жастағы Хаким Диннің өзінде коронавирус болмаған - ол ауруханаға басының жеңіл жарақатымен жатқызылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Үндістан тұрғыны өлі болып көрініп, карантинге байланысты жабылған туған жері Пунчқа кірмекші болған. Бұл туралы The New Arab порталы жазады, деп хабарлайды Stan.kz.

70 жастағы Хаким Диннің өзінде коронавирус болмаған - ол ауруханаға басының жеңіл жарақатымен жатқызылған. Алайда, инфекцияның таралуын болдырмау үшін 1 сәуірден бастап елде қатаң оқшаулау енгізілді. Ер адам үшін өз қаласына жету мүмкін болмады.

Содан кейін жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі Хакимге және басқа да науқастарға қулық ұсынды: ауруханада олар өздерінің өлімі туралы куәліктерін жасатып, жедел жәрдем көлігінде жатқан. Олар барлық бақыл-өткізу пункттерінен өтіп Пәкістанмен шекарадағы алыс қалаға қауіпсіз түрде өту үшін өлі болып көрінген, барлық өткізу пункттерінен емін-еркін өтіп, соңғысынан өте алмай қалған.

Тексеру кезінде полиция қызметкері қақпақтың астында жатқан адамның тірі болуы мүмкін екенін түсінді. Нәтижесінде Хаким де, қалған заң бұзушылар да қамауға алынып, бөлек карантинге жіберілді. Бұған қоса, олар үкіметке карантинді бұзғаны үшін айыппұл төлейді.

Новости партнеров