Пандемия кезінде Қазақстанда жүкті әйелдер арасында өлім-жітім көбейген

28.10.2020 21:47

Бұл туралы Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының президенті Вячеслав Локшин мәлімдеді

©www.o-krohe.ru

Пандемия кезінде Қазақстанда жүкті әйелдердің өлім көрсеткіші өсіп кеткен. Бұл туралы Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының президенті Вячеслав Локшин мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Маманның сөзінше, биыл 9 айдың ішінде елде 136 аяғы ауыр азаматшалар қайтыс болған. Бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда шамамен 4 есе көп. Өлімнің көбейіп кетуіне пандемия кезінде ауруларды медициналық мекемеге дер кезінде жеткізу кезіндегі қиындықтар себеп екен. Ал қазір бұл проблема бір ізге қойылған. Осы күні COVID-19 инфекциясын жұқтырған 5 мыңға жуық болашақ ана бар. Олардың барлығы тиісті ем қабылдауда. Вячеслав Локшин коронавирус жаңадан туған балаға жұқпайтынын кесіп айтты.