Әлеуметтік желіде Алматыдағы коронавирус инфекциясының ошақтары туралы тараған ақпарат жалған

19.03.2020 23:27

Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Әлеуметтік желіде Алматыдағы коронавирус инфекциясының ошақтары туралы тараған ақпарат жалған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Уатсап желісі арқылы келіп жатқан хабарламада қауіпті аймақтардың тізімі жазылған. Олардың ішінде Бағанашыл шағынауданы, Гоголь-Сейфуллин, Гоголь-Қонаев көшелері, "Алтай-1" шағынауданы көрсетілген.

Онда «вирус жұқтырғандардың мекенжайлары» деп 12 үйдің тізімі берілген. Қала әкімінің баспасөз қызметінің басшысы Әсет Мұқажанов бұл ақпараттың барлығы жалған екендігін мәлім етті.