Қазір Денсаулық сақтау министрлігі жасаған арнайы порталға 682 қызметкердің картасы енгізілген
Алматыда өткен онлайн брифинг барысында қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басармасының басшысы Камалжан Надыров қалада қанша медициналық маманның вирус жұқтырғанын, қанша маман үстемақы алғанын мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Оның айтуынша, ДСМ вирус жұқтырған медициналық мамандардың санын реттеу үшін арнайы портал ашқан. Осы порталға қазір 682 медицина маманының картасы енгізілген. Оның ішінде 58 қызметкер өзінің үстеақысын алды.
«Біздің басқарма КВИ жұқтырған медицина қызметкерлерінің тізімін жасауда белсенді жұмыс істеп жатыр. Қазір Денсаулық сақтау министрлігі жасаған арнайы порталға 682 қызметкердің картасы енгізілген. 58 адам үстемақы алып үлгерді»,– деді ол.