Бұл індет жұқтыру қаупін едәуір төмендетеді
Қазақстандықтар кімнің коронавирус жұқтырған науқаспен байланыста болғанын ұялы телефон арқылы біле алады. Ол үшін Saqbol мобильді қосымшасы іске қосылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл індет жұқтыру қаупін едәуір төмендетеді. Қосымша хабарлама функциясын іске қосу арқылы COVID-19-ды жұқтырған адамға соңғы 14 күн ішінде екі метрден аз қашықта және 15 минуттан аса уақыт басқа адаммен байланыста болғаны туралы жасырын түрде ескерту келіп түседі. Жобаны цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігі бірлесіп әзірлеген.
Мақсат – инфекцияның таралуын бақылау және қауіпті ошақтарды уақтылы оқшаулау.