Әлемдегі пандемия

12.01.2021 21:54

Жексенбі күні ресми дереккөздер Токионың Ханэда әуежайына Бразилиядан ұшып келген төрт адамның коронавирустың жаңа штаммын жұқтырғанын мәлімдеді


Жексенбі күні ресми дереккөздер Токионың Ханэда әуежайына Бразилиядан ұшып келген төрт адамның коронавирустың жаңа штаммын жұқтырғанын мәлімдеді. Осыған байланысты Жапония үкіметі – шетелдік резидент емес азаматтардың елге кіруіне тыйым салған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазіргі кезде Күншығыс ел коронавирус инфекциясын жұқтырудың 6 мыңнан астам жаңа оқиғасы тіркеді. Ауру жұқтырғандардың жалпы саны 289 мың адамнан асқан.

Англияда Covid-19 вирусына қарсы жаппай вакциналаудың жеті хабы ашылды. Көрме орталықтары мен футбол стадиондары, корольдік отбасының танымал ипподромының жанында адамдарға екпе егу орындары ұйымдастырылған. Жаппай вакциналауға артылып отырған сенім жоғары, себебі елде коронавирустың «британдық штаммын» жұқтырғандар саны өсіп келеді. Жалпы Британияның екі миллионға жуық тұрғыны ауруға қарсы екпе алды. Ел билігі күзге қарай Британияның барлық ересек тұрғындарына екпе жасауды жоспарлап отыр. Еске салсақ, Ұлыбританияда атаулы коронавирустың жаңа штамы әлемнің 41 еліне тарап үлгерген.

Ал, Ұлыбританиядан оралған ресейлік азаматтан коронавирустың «британдық» штаммы анықталды. Айта кетейік, өткен жылдың қарашасынан бастап екі ел арасындағы әуе қатынасы тоқтағанға дейін Ресейге Ұлыбританиядан 7 мыңнан аса адам ұшып келген. Оның 32-сінен коронавирус анықталды.