Екі күн ішінде Алматыда жұмыс режимін ескермеген және той ұйымдастырған 40 мекеме анықталды
Алматыда 26-28 тамыз аралығында белгіленген шектеулердің 20 рет бұзылғаны анықталды. 40 мониторингтік топтың өкілдері кәсіпкерлермен кездесіп, мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің талаптарын сақтау және Ashyq жобасында келушілерді тіркеу талаптарын орындау және басқа келушілердің жұқтыруды болдырмау қажеттілігін түсіндіруде, деп хабарлайды Almaty.tv
Алайда, қаладағы ойын-сауық мекемелерінің иелері карантиндік шектеулерді елемей, жұмыс режимін бұзып, банкеттер өткізіп, жұртшылықтың жиналуына жол беруде.
Мысалы, 26 тамызда сағат 23.32 шамасында Әуезов ауданының мобильді тобы Жазира шағын ауданындағы "Пещера" кафесінде заң бұзушылықты тіркеген. Мекеме Ashyq жобасының көшбасшысы болмаса да сағат 22.00-ден кейін жұмысын жалғастырған. Кафеден 20 келуші шығарылды.
Сол күні Таугүл-1 шағын ауданында түн ортасында жиырма шақты демалушы болған "Али бро" кафесінде жұмыс режимінің бұзылғаны анықталды.
27 тамызда Алмалы ауданында сағат 23.30 шамасында Мұратбаев көшесінде La Janbyr кафесі карантиндік шектеуді бұзып, жұмыс істеді. Кафеде 40 адам болған. Төле би көшесіндегі "Хан Сарай" мейрамханасы да жұмыс тәртібін бұзған.
Бостандық ауданында 28 тамыз күні сағат 15.37-де Тимирязев көшесіндегі "Версаль" мейрамханасында "Қыз ұзату" (қалыңдықты шығарып салу) іс-шарасы өткізілді. Тойға келген 50 қонақпен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Сондай-ақ, түнгі сағат 2.00-де "Фа Соль" караокенің жұмысы тоқтатылды. Мекемеден 40 адам шығарылды. Сол түні Сейфуллин көшесіндегі "Мега караокеде" 50 келуші болған бұзушылық анықталды.
Алматыда екінші аптада 150 ойын-сауық мекемесінің жанында полицияның патрульдік автоэкипаждары болды, күн сайын 130-ға жуық қызметкер кезекшілік атқаруда.
Қала тұрғындары адамдар көп жиналатын жерлерге барудан бас тартып, мүмкіндігінше үйде болғандары жөн. Қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, 31 тамызда мегаполисте коронавирустық инфекцияның 1 259 жағдайы тіркелген, инфекциялық стационарларда 5 095 адам, оның ішінде 125 бала бар. 10 307 пациент үйде АМСАК мобильді бригадаларының және телемедицина орталығының бақылауында.
Дегенмен, коронавирус жұқтырған алматылықтар өзін-өзі оқшаулау режимін елемей отыр. Қаланың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметтері бойынша 9 сәуірден 17 тамызға дейінгі аралықта Ashyq қосымшасын сканерлеу нәтижесінде 5 515 тұрғынның «қызыл» және 735 тұрғынның «сары» мәртебесі расталды.