Атырауда COVID-такси жұмыс істей бастады
Фото inform.kz
Пневмония және коронавирустан үй жағдайында емделіп жатқан науқастарға қызмет көрсетеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазіргі уақытта COVID-такси пневмония және коронавирустан үй жағдайында емделіп жатқан науқастарға қызмет көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқапарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, аталмыш қызмет түрі ел бойынша бірінші рет Атырау облысында ұйымдастырылып отыр. Әзірге корона-такси түнгі кезекте қызмет көрсетіп жатыр. Алдағы уақытта аталмыш такси санын көбейту жоспарланған. Атырау облыстық жедел жәрдем қызметі стансасы директорының міндетін атқарушы Наргиз Баймолдаеваның айтуынша, қазіргі уақытта жедел жәрдем қызметіне түсіп жатқан шақыртулар өте көп.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
SU LAB Street: Алматыда жаңа ғылыми зертханалар көшесі ашылды
02.11.2026 13:10