Ресейде соңғы тәулікте коронавирустан қайтыс болғандар саны рекордтық көрсеткішке жетті – 968 адам. Бұл пандемия басталған уақыт ішіндегі абсолютті максимум, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Коронавирустан көз жұмғандар саны бойынша жаңа тәуліктік рекорд орнаған. Төрт күн қатарынан бір тәулікте қайтыс болғандар саны 900 адамнан асып отыр. Сондай-ақ соңғы тәулікте Ресейдің 85 өңірінде 29 362 адам коронавирус жұқтырған. 8,9 процентінде клиникалық ауру белгілері байқалмаған. 21049 науқас толықтай айығып шыққан. Ауру жұқтырғандардың басым бөлігі Мәскеуде (6001), Санкт-Петербургте (2717) және Мәскеу облысында (1689). Ең азы – Магадан облысында (21), Ненец автономды округінде (16) және Чукотск автономдық округінде (15).