Сонымен қатар, жақын жерде орналасқан азық-түлік дүкені жабылды
Алматыдағы "Сұңқар" тұрғын үй кешенінің жанындағы үш үйге карантин жарияланды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров айтты, деп хабарлайды Stan.kz.
"Сұңқар" тұрғын үй кешенімен бірге мына мекен-жайлар бойынша үйлер жабылды: Достық, 42, Достық, 42а, Қабанбай батыр, 68. Адамдарға үйлерінен ары қарай баруға тыйым салынады, өйткені бұнда бұрын коронавирус жұқтырған адам анықталған. Сонымен қатар, жақын жерде орналасқан азық-түлік дүкені жабылды.
Еске салайық, коронавирус жұқтырған алматылық тұратын тұрғын үй оқшауланғанын хабарлаған едік.