Қарағанды облысында 1475 адам коронавирус жұқтырған

14.06.2020 22:01

Өткен тәулікте облыста тағы 56 адамнан індет анықталды

Фото: ашық дереккөзден

Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 56 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап.  

ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 56 адамда COVID-19 вирусы анықталды, тіркелген жағдайлар скрининг барысында және жақын байланыста болғандарды тексеру нәтижесінде анықталды.

«Қарағанды қаласында жұқпалы аурудың 28 жағдайы, Теміртау қаласында – 3, Саран қаласында – 4, Шахтинск қаласында – 6, Балқаш қаласында – 2, Сәтпаев қаласында – 2, Абай ауданында – 6, Жаңаарқа ауданында – 4, Шет ауданында 1 жағдай анықталды», - делінген ақпаратта.

Науқастардың барлығы жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды. Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, ем алып жатыр. Ауру ошақтарында дезинфекциялық шаралар жүргізілді.

Қазіргі ахуал бойынша облыста 1475 жұқтыру жағдайы анықталды, оның ішінде 7 өлім жағдайы тіркелді және 644 пациент жазылып шықты.