|
29.03.2020 | 17:01
2178

Коронавирус: Нью-Йоркте әр 17 минут сайын бір адам көз жұмуда

Қауіпті вирустан көз жұмғандар саны тоқтаусыз өсіп жатыр

Коронавирус: Нью-Йоркте әр 17 минут сайын бір адам көз жұмуда Depositphotos

Коронавируспен ауырғандардың жалпы саны әлем бойынша 600 мыңнан асты. Қауіпті вирустан көз жұмғандар саны да тоқтаусыз өсіп жатыр. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі онлайн брифингте айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі

«Төтенше жағдай кезінде карантин режимін сақтап отырған сіздерге алғыс айтамын. Әрине,карантин режимін бұзған біраз жайттарды анықтап жатырмыз.Біздің мақсат үрей туғызу немесе қорқыту емес. Алайда, каратин режимін сақтаудың өте маңызды екенін еске саламыз. Жағдай күрделі, бірақ денсаулықтан қымбат ештеңе жоқ», - деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда әлемде осы дертпен ауырғандардың саны 600 мыңнан асқан.

«Вирустың қалай өршіп жатқанын көріп отырған боларсыздар. Мысалы, Ныю-Йоркта әрбір 17 минут сайын бір адам қайтыс болып жатыр. Әлемде осы дертпен ауырғандардың саны 600 мыңнан асты. Өлім көрсеткіші - 4,6 %. Бұл өте жоғары деп есептеледі. Бізде соңғы тәулікте төтенше жағдай  режимін бұзған үшін 124 адам жауапқа тартылды. Заңсыз сатылып жатқан 40 мың маска мен 2000 литр антисептик табылды», - деді министр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир