Биылғы Рамазан айында біздің азаматтарымыз ұжымдық іс-шараларды, соның ішінде үйге қонақ шақыруды азайтуын сұраймыз
Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Рамазан айы қарсаңында мегаполис тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Біз қасиетті Рамазан айының қарсаңында үндеу жолдап жатырмыз. Естеріңізде ме, былтыр ауызашар кезінде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны артқан болатын. Осыны ескеріп биылғы Рамазан айында біздің азаматтарымыз ұжымдық іс-шараларды, соның ішінде үйге қонақ шақыруды азайтуын сұраймыз»,– деді ол.
Еске салайық, Алматыда шектеулі карантиндік шаралар жеңілдетілді. Сауда орталығы мен базарларға жұмыс күндері жұмыс істеуге рұқсат берілді. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаулысында жазылған.