Алғашқы білімі бойынша ол – мұғалім
«Үйде отырып күтейік» туындысының авторы Алматы қаласы ПД Арнайы және мобильді оқыту басқармасының арнайы тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры Еркебұлан Корбозов, деп хабарлайды Almaty.tv қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бүгінде полиция қызметкерлері көзге көрінбейтін жау - короновирус инфекциясына қарсы күресте алдыңғы қатарда. Біз қалада енгізілген карантинді елемеу және санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтамау қаншалықты қауіпті екенін тәжірибеден білеміз. Өкінішке қарай, қауіпсіздік шараларын қолданудың орнына серуендеуді, достарымен кездесуді қалайтындар да бар. Мұндай адамдар арнайы рейдтер кезінде анықталады. Бұл әрекеттердің қауіпті және құқық бұзушылық болып табылатындығы туралы қоғамға ақпараттық хабарламалар мен түсініктемелер арқылы күн сайын хабарланады. Бос уақытымда мен өлеңнің көмегімен азаматтардың санасын оятуға және келе жатқан қауіптің ауырлығын түсінуге шақырдым. Туындыны жазу процесінің өзі бір сағатқа жуық уақытты алды. Сонда да мен карантинді қол жетімді тілде сақтаудың маңыздылығына азаматтардың назарын аударуға тырыстым», – деді майор Корбозов.
Құжаттамадан: Еркебұлан Қорбозов ішкі істер органдарында 2007 жылдан бері қызмет етіп келеді. Алғашқы білімі бойынша ол – мұғалім. Полицияда қызмет еткенге дейін, шамамен бес жыл Еркебұлан жалпы білім беретін мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берді. Полицей бала кезінен өлең жазады, ол бұл талантты шығармашылыққа жақын ата-анасынан мұра етті.