ДДСҰ өкілдері АҚШ-та таралатын коронавирустың америкалық түрі инфекция жылдамдығы бойынша ең қарқынды болғанын атап өтті
Коронавирустың әсерінен АҚШ-та миллионнан астам адам қайтыс болды. Мұндай деректерді Джонс Хопкинс университеті өзінің ресми сайтында жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Ұсынылған мәліметтер бойынша, COVID-19-дан қайтыс болғандардың саны 19 мамырда 1 028 014 адамға жеткен.
«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері АҚШ-та таралатын коронавирустың америкалық түрі инфекция жылдамдығы бойынша ең қарқынды болғанын атап өтті. Бұл нұсқа көптеген Штатта басым болып саналады», - делінген ВАК мәліметінде.