Атырау облысы «қызыл» аймаққа қайтадан оралды

11.01.2021 22:21

Бүгінгі бағалау матрицасына сәйкес, «қызыл» аймақта Ақмола, Атырау облыстары орналасқан

Фото: eadaily.com

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 11 қаңтардағы ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Кеше, яғни 10 қаңтарда «қызыл» аймақта Ақмола мен Павлодар облыстары болған еді. Бүгінгі бағалау матрицасына сәйкес, «қызыл» аймақта Ақмола, Атырау облыстары орналасқан. Павлодар облысы «сары» аймаққа ауысты. «Сары» аймақта сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстары, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары бар. Қалған өңірлердің барлығы - «жасыл» аймақта. Жалпы Қазақстан аумағы коронавирус бойынша «сары» аймаққа енгізілген. Бұған дейін хабарлағанымыздай, өткен бір тәулікте ел өңірлерінде коронавирустың жаңадан 746 жағдайы тіркелді. Сондай-ақ 411 адам індеттен сауықты. Коронавирустық пневмония 27 адамнан анықталды. Пандемия басталғалы Қазақстанда коронавирусты барлығы 163 019 адам жұқтырды, жазылды - 149 082, қайтыс болды - 2 319 науқас.