Денсаулық сақтау министрлігі дәріхана иелерінің өтінішіне жауап берді

Almaty.tv
Almaty.tv
Фармацевтика бизнесінің өкілдері қазақстандықтарға коронавирусқа қарсы дәрілердің тапшылығы болуы мүмкін деп ескерткен еді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Денсаулық сақтау министрлігі дәріхана иелерінің өтінішіне жауап берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Фармацевтика бизнесінің өкілдері қазақстандықтарға коронавирусқа қарсы дәрілердің тапшылығы болуы мүмкін деп ескерткен еді. Олардың мұндай алаңдаушылық білдіруіне Денсаулық сақтау министрлігінің дәрі-дәрмек бағасын реттеу туралы бұйрығы себеп болған. Фармацевттердің айтуынша, қазір олар дәрі-дәрмектерді шекті құнынан қымбат сатып алуға мәжбүр. Бұған жауап ретінде министрлік тыныштықты сақтауға шақырды және бұл құжат дәріханаларда бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін қабылданды деп мәлімдеді. Бұл ретте ведомствода әрбір нақты препарат бойынша дәріхана иелерімен диалогқа дайын екенін де жеткізді. Министрліктің дерегі бойынша, пандемияның алғашқы толқыны кезінде елде көптеген алыпсатарлық фактілері тіркелген.

«Сондықтан министрлік инфекция таралу жағдайына ерекше тәртіпті орнату туралы шешім қабылдады. Ал, халыққа айтарымыз, коронавирустық инфекцияны емдеу үшін дәрі-дәрмектерді тегін беру қарастырылған. Дертке шалдыққан жағдайда сіз өзіңіздің емханаңызға баруыңыз керек. Онда емдеуші дәрігер қандай препараттар қабылдау керек екенін тағайындайды. Негізінен бұл дене қызуын түсіретін дәрілер», – деді ҚР ДСМ Дәрі-дәрмек саясаты департаменті директорының міндетін атқарушы Ботагөз Сыздықова.

Новости партнеров