Бойжеткеннің денесі 31 мамырда Космостанция аумағында табылған
Алматы тауларында жоғалып кеткен турист Әсел Панарғалиеваның денесі табылды, деп хабарлайды Almaty.tv қалалық Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл мәліметті ҚР ІММ ТЖК жедел-құтқару жасағының өкілдері растады.
«Қыздың денесі кеше, 31 мамырда Космостанция аумағында табылған. Толығырақ мәлімет алу үшін Алматы қалалық Полиция департаменті мен ТЖК өкілдеріне сауалхат жолданды», - делінген хабарламада.
Еске салайық, Әсел Панарғалиеваны іздестіру жұмыстары 6 айдан аса уақытқа созылған. Ол былтыр 9 қарашада үйден кетіп, сол күйі оралмаған еді.