|
25.03.2020 | 17:22
4765

Қазақстанда 2 пациент коронавирустан жазылып кетті – Абаев

Олар ертең ауруханадан шығарылады

Қазақстанда 2 пациент коронавирустан жазылып кетті – Абаев  Inbusiness.kz

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 2 пациенттің сауығып кеткенін, олардың ертең үйлеріне шығарылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Брифингті жақсы жаңалықтан бастағымыз келіп отыр. Екі емделуші коронавирустан айықты. Қазір олар соңғы тексеру сараптамаларын тапсыруда. Бұйыртса ауруханадан ертең шығады. Бұл – біздің коронавируспен күрестегі жеңісіміз. Басты дүние осы деп айтуға болады.

Ең алдымен бұл – дәрігердің жанкешті еңбегінің жемісі. Сондықтан Үкіметтің және барша қазақстандықтардың атынан медицина қызметкерлері мен Денсаулық сақтау министрлігінң қызметкерлеріне алғыс айтуға рұқсат етіңіздер. Кез келген маман үшін ең бастысы - өз еңбегінің нәтижесін көру. Сол нәтиже үміт пен қуат береді», - деді Дәурен Абаев тікелей эфирдегі брифинг барасында.

Еске салсақ, соңғы мәлімет бойынша Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандардың саны 80 адамға жетті.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир