Алматылық дәрігерлер тұрғындарға ескерту жасады

almaty.tv
almaty.tv
Өз бетінше емделу қауіпті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өз бетінше емделу қауіпті. Алматылық дәрігерлер халыққа осындай ескерту жасады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Дұрыс тағайындалмаған ем науқасты сауықтырудың орнына жағдайын одан сайын ушықтырып жіберуі мүмкін.

Нөмірі №12 қалалық емхананың меңгерушісі Индира Қалқабаеваның сөзінще, бүгінде халық арасында өз бетінше ем тағайындау кең белең алған. Олар емхана дәрігерлерінің әдеттегі режимде жұмыс істейтінін ескертеді. Сондай-ақ, қазір учаскелік терапевтпен онлайн байланыс орнатуға мүмкін бар.

«Қаланың бас санитар дәрігердің айтуы бойынша мегаполисте эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы байқалатынын айтып өткен болатын. Коронавирус инфекциясынан бөлек тұмау, ЖРВИ сияқты вирустардың өршіп жатқанын өздеріңіз білесіздер. Сол себепті осындай жағдайда өзін-өзі емдеуге болмайтыны жайлы айтып өткім келіп отыр», – деді № 12 қалалық емхананың жалпы практика дәрігері бөлімшесінің меңгерушісі Индира Қалқабаева.

Новости партнеров