жазбасында халықты сақтанып жүруге шақырған
Әнші Саят Медеуов коронавирус жұқтырып, ауруханаға түскен. Ол әлі де ем қабылдап жатыр. Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Саят Медеуовтің айтуынша, 7 келі салмақ тастап, «бір аунап тұрған».
«Мені де бұл індет айналып өтпеді. Бір аунап тұрдым. Ауырмаңыздар. Дүниеде анау жетпейді мынау жетпейді деп жүргенде, құдайдың ауасы жепей қалғанда, жаныңызды шүберекке түйеді екенсіз», – дейді ол.
Ал жазбасында халықты сақтанып жүруге шақырған.
Баршаңызға тілерім ауырмаңыздаршы! Жылы жүріңіздер, имуниттеттеріңізді түсірмеңіздер. Қалай ауырғанымызды білмей қалу қаупі қатты. Тез өршиді екен.
Қазіргі таңда емдеуге болады, тек үйден ем аламын деп, уақытты өткізіп алдым. Осы дерттен айығуыма үлкен себепкер болған Қалқамандағы №1 қалалық клиникалық емхананың ақ халатты абзал жандарына алғысым шексіз.
Ертерек емханаға жүгініп анализ арқылы ем жасаған дұрыс деп ұқтым.
«Жанашырлық сезімдеріңізді ояту үшін емес, басымнан өткенді жазып, емделіп шыққанымды айтып сіздерге де пайдасы болса екен дегім келді. Ойым қате болса кешіріммен қараңыздар, Еліміздің басына түскен осы нәубет мәңгіге жоқ болуына тілектеспін! Ауырмаңыздаршы!» – деп жазды әнші.