3 мыңнан астам адам
Алматыда жыл басынан бері карантин тәртібін бұзған 3 мыңнан астам адамға 200 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингі барысында Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді. Ол мегаполисте карантиндік шаралардың сақталуын бақылайтын мониторингтік топтардың жұмысы туралы айтты.
Спикердің айтуынша, жыл басынан бері 13 500-ден астам нысан тексерулермен қамтылып, 1573 бұзушылық анықталды. Карантинді бұзғандарға қатысты 3018 хаттама толтырылды, бұл ретте айыппұлдардың жалпы сомасы 202 миллион теңгеден асады.
Мамандандырылған ауданаралық соттарға карантиндік шараларды қасақана бұзушыларға қатысты 63 материал жолданды, олардың 39-ы бойынша қызметтерін тоқтату туралы шешім қабылданды.
Байғабылов мониторинг топтарын құру кезінде жергілікті атқарушы органдар азаматтармен, кәсіпкерлермен қолданыстағы санитарлық нормалар мен талаптар бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу міндетін басшылыққа алғанын атап өтті. Көп жағдайда болмашы сәйкессіздіктер анықталған кезде ескерту шығарылады. Осы бес талап сақталмаған жағдайда әкімшілік хаттамалар жасалады: тиісті жұмыс режимі, адамдар көп жиналатын іс-шараларды өткізуден бас тарту, әлеуметтік қашықтық, бетперде режимінің сақталмауы, келушілер санының лимитінен асыру.
Мобильдік топтар бұзушылықтарды анықтаған кезде олар хаттамалар толтырмайды, материалдарды аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына береді, онда тексеру жүргізіліп, әкімшілік өндірісті басталады.
Айта кетейік, мониторингтік топтардың құрамына жергілікті полиция қызметінің өкілдері кіреді, олар басқа да заңбұзушылықтар үшін хаттама толтыруға құқылы. Мысалы, тексеру барысында келушілерге өткен жылдың ортасынан бастап қоғамдық орындарда тыйым салынған қорқор, темекі шегу фактілері жиі анықталады.
Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары мониторингтік топтардың демалыссыз және мереке күндері де жұмыс істейтінін айтты. Ол өткен тәулікте анықталған бұзушылықтардың статистикасын атады. Мысалы, 6 сәуірде қалада 200-ге жуық нысан тексеріліп, карантиндік шараларға қатысты 29 бұзушылық анықталды.
Карантин шараларын бұзудың ең көп саны қоғамдық тамақтану объектілері мен дүкендерде тіркелген. Бұл санитарлық нормаларды сақтамау, персоналдың жеке қорғаныс құралдарынсыз халыққа қызмет көрсетуі.