Облыста коронавирус инфекциясын жұқтырған 177 адам тіркелді
Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған 7 адамның 6-уы медицина саласында қызмет етеді, деп хабарлайды Almaty.tv ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бұл жөнінде Қызылорда облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлім етті.
«Олардың арасында 1-уі дәрігер, 2-уі көлік жүргізушісі, 1-уі техникалық қызметкер және 2 медбике бар. Аталған азаматтар инфекцияны скринингтік тексеруден өткізу барысында жұқтырған», - деді басқарма басшысы.
Қазіргі таңда Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 177 адам тіркелді.