Коронавирус жұқтырған жамбылдық азамат Бішкектен келген

25.03.2020 22:38

Қазір науқаспен байланыста болған 13 адам карантинге алынды

Almaty.tv

Жамбылда вирус жұқтырған науқас 29 жастағы Шу ауданының тұрғыны болып шықты. Ол 2 күн бұрын Бішкектен жеміс-жидек әкелген жеке кәсіпкер ретінде қазақ-қырғыз шекарасын кесіп өткен. Ал 24 наурызда коронавирус белгілерімен инфекциялық стационарға жатқызылды.

Қазір науқаспен байланыста болған 13 адам карантинге алынған, 6-шы адамның сынамасы теріс нәтиже көрсетті. Ал 7 адамның сараптамасы әлі белгісіз.

«Ол азамат облыстағы карантиндік стационарға жатқызылып, бекітілген алгаритмге сәйкес,  зерттеу анализдері алынған болатын. Зерттеу анализдерінің қорытындысы оң нәтиже көрсеткен.  Азаматтың болған жерінде, тұрғылықты жерінде залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда науқастың жағдайы бірқалыпты, денсаулығына ешқандай шағымы жоқ. Дене қызуы байқалған жоқ», – деді Жамбыл облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат ЖҰМАНҚҰЛОВ.

Жалпы, 2020 жылдың 25 наурыздағы таңғы мәліметке сай, Жамбыл облысында шетелден келген 1 тұлға вирусты тасымалдаушы диагнозымен инфекциялық ауруханаға  жатқызылды. Сонымен қатар, 68 адам карантиндік стационарда. COVID-19 инфекциясын жұқтырғандармен байланыста болған 27 тұрғын да жіті бақылауда.

Мерей Бает, «Алматы» телеарнасы