Бас санитар дәрігерінің қаулысы бойынша жабылды
Алматыдағы №12 қалалық емхана карантинге жабылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Алматы қаласы Бостандық ауданының Бас санитар дәрігерінің қаулысы бойынша № 12 қалалық емхана карантинге жабылды», – деді қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.
Еске салайық, осыған дейін Орталық қалалық клиникалық аурухана мен балалар жұқпалы аурулар ауруханасының, №4 клиникалық аурухананың терапия бөлімінің карантинге жабылғаны хабарланған болатын.