63 миллионнан астамы сауықты
Әлемде 87 миллион адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қазір бүкіл әлем қауымдастығы COVID-19 пандемиясымен күрес жүргізіп келді. SARS-CoV-2 (ауыр коронавирус-2 жедел респираторлық синдромы) коронавирусының таралуы басталғаннан бері әлемде 87 миллионнан астам адам індетті жұқтырды. Шамамен 1,9 миллион адам қайтыс болды, 63 миллионнан астамы сауықты.
Австралия коронавирусқа қарсы екпені ертерек бастауға ниетті. Науқан наурыз айынан ақпан айының бірінші жартысына ауыстырылды. Пандемия басталғалы елде 28 543 адам індетті жұқтырғаны расталды, 909 адам қайтыс болып, 25 806 адам жазылды.
Материктік Қытайда короновирус тағы 63 адамнан анықталды. Оның 11-і шетелден келгендерден анықталса, тағы 52-сі Хэбэй мен Ляонин провинцияларына тиесілі. Германия педиатрлары балалар мен жасөспірімдерді вакцинациялауды тезірек бастауға шақыруда. Себебі, ол мектептер мен балабақшалардың қалыпты жұмысын қайта бастауға мүмкіндік береді. Федералды педиатрлар қауымдастығының басшысы Томас Фишбах «Балаларға арналған арнайы вакцинаны мүмкіндігінше тезірек жасап, сертификаттаудан өткізу қажет», – деп атап өтті. Сонымен қатар, Германияның екі ірі фармацевтикалық компаниясы жақын арада коронавирусқа қарсы екпені бірлесіп шығармақ. Альянс халық арасында екпе егу үрдісін жеделдету үшін және Германияның барлық тұрғындарын жаз мезгіліне дейін екпемен қамту мақсатында құрылған.