Ресейде COVID-19 жұқтырғандардың саны 20 мыңнан асты

14.04.2020 22:48

Вирус жұқтырғандардың көбі Мәскеуде тіркелген

Ашық дереккөз

Ресейде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандардың саны 2 774-ке жетіп, 22 адам қайтыс болған, деп хабарлайды tengrinews.kz РИА Новости. Бұл туралы жедел штабтың хабарламасында айтылады.

Осылайша, Ресейде коронавирус жұқтырғандардың саны 21 102 болды. 1694 адам жазылып, 170 адам қайтыс болған. 1,4 миллионнан аса тестілеу жүргізілген.

Вирус жұқтырғандардың көбі Мәскеуде тіркелген.