Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 33 адам тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап.
«ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша Шымкент қаласының 33 тұрғынынан COVID-19 вирусы табылды. Олардың 15-і вирусты жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған, 4-і шұғыл түрде ауруханаға жатқызылған, 14-і скрининг нәтижесінде анықталған. Тиісінше, барлығы жұқпалы аурулар стационарына жатқызылған», - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып жатыр. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
Қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 606 адам тіркелген.