Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңындағы онлайн-брифинг барысында тілшілер қойған сұрақтарға жауап берген Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау Басқармасының басшысы Камалжан Надыров дәрігерлердің суық тию белгілерін коронавирустан қалай ажырататынын түсіндіріп берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
К. Надыров түсіндіріп өткендей, коронавирусты диагностикалаудың негізгі әдісі лаборатриялық сараптамалар болып табылады.
«Ауруды дифференциялауда бізге көмегі бар лабораториялық зерттеулер, сонымен бірге, ПТР анализдері қолданылады. Сонымен бірге, ЖРВИ және тұмау кезінде пневмонияның өршу картинасы басқа екенін түсіну қажет. Яғни, ЖРВИ және тұмау өкпеде қабыну процесінің тез дамуын тудырмайды. Одан бөлек, біздің мамандарымыз осы және басқа диагнозды дифференциялауы мүмкін», – деп түсіндірді Камалжан Надыров.
Сонымен бірге, К. Надыров балалар арасында ЖРВИ және тұмаудың алдын алуда ата-аналарға бірқатар ұсыныс айтты.
«Эпидемияның дамуымен күресте ең тиімді әдіс екпелер, вакциналар болып қала береді. ЖРВИ, тұмау және коронавирус – бұлар ауа тамшылары арқылы берілетін контагиозды аурулар. Сол себепті сақтық шаралары да сол бұрынғы: адамдар көп жиналатын орындардан аулақ жүру, қолды таза ұстау, әлеуметтік қашықтық сақтап, маска тағып жүру. Аурудың жұғу белгілері ұқсас болғандықтан, бұл ЖРВИ кезінде де, сонымен бірге, коронавирус инфекциясы кезінде де бұл әдіс тиімді», – деп түсіндірді К. Надыров.
Сонымен бірге, ол ЖРВИ және коронавирус кезінде емдеу симптоматикалық екенін атап өтті. Коронавирустан арнайы емдеу әдісі әлі де жоқ. Сол себепті, бір препараттар, бір емдеу әдісі қолданылады.
Сонымен бірге, күз-қыс маусымының келуімен ЖРВИ және пневмонияның өршу қаупін бәсеңдету, мақсатында тұмаудан вакцианалау жұмыстары күшейтіледі.
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев ағымдағы жылы тұмауға қарсы жергілікті бюджет есебінен 130 мың доза вакцина сатып алу жоспары бар екенін хабарлағанын еске саламыз. Вакцинаны қыркүйек айында алу күтілуде. Қауіпті топқа енген азаматтарды вакцинациялау тұрғылықты мекен-жай бойынша аумақтық емханаларда тегін жүргізіледі.