Алматыда COVID-19-ды анықтайтын жедел тестілер кеңінен таралып жатыр

09.12.2021 22:53

Жедел тесттің арқасында ауру жұқтырғандарды, оның ішінде жеңіл және симптомсыз науқастарды анықтауға болады

Алматыда COVID-19-ды анықтайтын жедел тестілер кеңінен таралып жатыр. Бұл туралы денсаулық сақтау магистрі, «Зертханалық медицина және сараптама қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Райхан Мамырова Алматы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Райхан Мамырова жедел тесттердің арқасында ауру жұқтырғандарды, оның ішінде жеңіл және симптомсыз науқастарды анықтауға болатынын хабарлады. Нәтижесінде көптеген адамдарды тестілеу және коронавирусты дер кезінде анықтау індеттің таралуын тоқтата алады.

Еске салсақ, экспресс-тесттен өткізуді кеңейту бастамасы Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшинге тиесілі.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған сынақтардың сезімталдығы зерттелді. Біздің ғылыми тобымыз осы сынақтардың тиімділігін дәлелдеді, он өндірушінің сынақтарын зерттеді. Сынақтарды қолдану өте оңай, бір жиынтықта мұрын мен тамақтың жағындысын алуға арналған зондтар бар. Осыдан кейін зондты арнайы сұйықтыққа салу керек. Бір жолақ – теріс нәтижелі, екеуі – оң», – деді Р. Мамырова.

Жедел тесттерді зерттеу 10 зертхана негізінде жүргізілді: El Lab PCR, КДЛ Олимп, Медицина 100+ (ILAB 100+), SMLAB (Sapa), GammaLab, И.С Жекенова атындағы қалалық клиникалық инфекциялық  аурухана, қалалық балалардың клиникалық инфекциялық аурухана, Innosol, Ұлттық сараптама орталығы ШЖҚ РМК және биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты (ОТАР).

Жедел тесттер эпидемиологияның маңызды құралы болып табылады, - дейді сарапшы. 

Алынған нәтижелердің арқасында науқастарды тез емдеуге және оқшаулауға болады.