Коронавирус жұқтырған алматылық жауапқа тартылды

15.03.2020 22:53

Әйел санитарлық қызметтердің жұмысына кедергі келтіріп, өзімен байланысқан азаматтардың мәліметтерін беруден бас тартқан

polisia.kz

Коронавирус жұқтырған алматылық жауапқа тартылды,  деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Коронавируспен ауыратын науқастардың бірі– азаматша Б. кез келген жағдайда санитарлық қызметтердің жұмысына кедергі келтіріп, вирус жұқтырғаннан кейін онымен байланысқан азаматтардың мәліметтерін беруден әдейі бас тартты. Әйелге ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабы бойынша қылмыстық жауапқа тартылды", – делінген хабарламада.

Алматы полициясы осы жағдайды ескере отырып, тұрғындарды коронавирус инфекциясын анықтау және алдын алу бойынша қалалық қызметтерге барынша көмек көрсетуге және қабылданған шараларға түсіністікпен қарауға шақырады.