Қалада коронавирус жұқтырғандар өсімі 80%-дан асқан
Ақмола облысының бас дәрігерінің бұйрығына орай, Көкшетау төңірегіндегі жеті жол бөлігінде блок-бекеттер жұмысы қалпына келтірілетін болды, деп хабарлайды деп хабарлайды Almaty.tv zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
«Сонымен қатар, азық-түлік және тұрмыстық химикаттарды сататын бөлшек сауда орындарының, азық-түлікке жатпайтын дүкендердің, спорттық ғимараттардың, тамақтану орындарының және діни мекемелердің жұмысы шектеледі», - делінген хабарламада.
Осы аптада Көкшетау қаласында коронавирус жұқтырғандар өсімі 80%-дан асқан, яғни індет жұқтырған 42 адам анықталды. Олардың ішінде симптоматикалық – 15, асимптоматикалық – 27 адам тіркелген.
Қазіргі уақытта Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің жұқпалы аурулар бөлімшесінде 49 адам, провизолық станционарында 63 емделіп жатыр.