ДДСҰ: Коронавирустың жаңа штамы пайда болуы мүмкін

09.06.2022 22:54

Жаһандық ұйымның басшысы әлем азаматтарын ауруға бей-жай қарамауға шақырады

inform.kz

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус індетінің жаңа штамы пайда болуы мүмкін дейді. Ол бұған дейінгілермен салыстырғанда таралуы жағынан қауіпті деп күтіліп отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

Сондықтан аталған жаһандық ұйымның басшысы әлем азаматтарын ауруға бей-жай қарамауға шақырады.  

«Қашанға дейін созылатынын білмейміз, бірақ коронавирус әлі аяқталған жоқ. Сондықтан, жайбарақат жүруге болмайды. Кез келген сәтте жаңа штамм пайда болып, індет өршіп кетуі мүмкін. Азаматтардың абай болғаны маңызды», – деді ДДСҰ Бас директоры Тедрос Гебрейесус.