Қазақстан азаматтарына Түркияға кіруге рұқсат етілді

17.05.2020 23:16

Түркия 31 елдің азаматтарына медициналық көмек алу үшін елге кіруге рұқсат берді

aa.com.tr

Түркия осы жылдың 20 мамырынан бастап 31 елдің азаматына медициналық көмек алу үшін елге кіруге рұқсат берді, деп хабарлайды Almaty.tv Baq.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Коронавирус пандемиясына байланысты Түркия 28 наурыздан бастап барлық халықаралық қатынастарды тоқтақан еді.

Енді Түркияға Қазақстаннан бөлек Ирак, Ливия, Әзірбайжан, Греция, Ресей, Украина, Өзбекстан, Грузия, Түрікменстан, Молдова, Қырғызстан, Катар, Германия, Ұлыбритания және Нидерланды сияқты елдердің азматтары кіре алады.

«Түркия билігі науқастарға көрсетілетін медициналық көмек тізімін де жариялады. Оның қатарында: ортопедия, травматология, жалпы хирургия, урология, көз ауруы, кардиология, онкология, нейрохирургия, гематология, репродуктивті терапия, ағзаны ауыстыру сияқты қызметтер бар», - делінген «Анадолу» агенттігі таратқан хабарламада. 

Мәліметте сондай-ақ, коронавирусқа тапсырған тесті теріс болған адамдар ғана шекарадан өте алатыны айтылған.