Ауыр жағдайда жатқандар жоқ: Алматыда науқастардың 75%-да індет жеңіл өткен

Almaty.tv
Almaty.tv
Бұл жайлы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев хабарлады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгінгі күні Алматыда адамдардың кеңейтілген контингентін ерте ПТР әдісімен диагностикалау бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Бұл медицина қызметкерлері, қала аумағындағы әр түрлі әскери бөлімдердің әскери қызметкерлері, карантинге қойылатын талаптардың сақталуын бақылау мақсатындағы патрульдік құрам, ІІМ жүйесінің қызметкерлері, блок-бекеттерге жұмысқа тартылған тұлғалар, деп хабарлайды Almaty.tv қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазір COVID-19 вирусы бұрын жұқтырған науқастармен қарым-қатынаста болған адамдардан анықталып жатыр. Яғни, бұл азаматтардың барлығы инфекцияның одан әрі таралмауы мақсатында карантиндік госпитальдарда 14 күндік оқшаулауда болған», - деп түсіндірді Тілеухан Әбілдаев.

Бұл шаралар Алматыда ауруды ерте сатысында індетті жұқтырғандардың санын анықтауға мүмкіндік берді. Соның арқасында, COVID-19-бен ауыратын науқастардың 75%-да ауру жеңіл түрде және тек 2%-да ілеспе аурулардың болуы салдарынан ауыр жағдайда өтуде. Қалғандарының жай-күйі орташа деңгейде. Қазіргі таңда Алматы қаласында ӨЖЖ аппаратына қосылған, ауыр жағдайдағы науқастар жоқ. Шахарда өлім-жітім көрсеткіші 0,58%-ды құрайды. Басқа елдерде бұл көрсеткіш 2-5% аралығында.

Басқарма басшысының айтуынша, барлық медициналық қызметкерлер жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген және оларды пайдалану бойынша үнемі оқу-жаттығу жұмыстары жүргізіледі.

Айта кету керек, жаңа модульдік жұқпалы аурулар ауруханасында бүгінде 255 науқас бар. Модульдік кешеннің палаталары ішінде кері қысым тудыратын желдету жүйесі жұмыс істейді, яғни сол арқылы вирусқа толы ауа толқыны палата аумағынан шықпай, арнайы залалсыздандыру жүйелеріне енеді. Палаталарда герметикалық (ауа өткізбейтін) есіктер орнатылған, кәріз жүйесін тазалаудың ерекше жүйесі жұмыс істейді. Алматыда 10 мамыр күні сағат 17.00-де коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 1578 жағдайы тіркелді. Қазіргі уақытта инфекциялық стационарларда 1178 адам коронавирусты инфекциядан емделуде. Қауіпті індеттен 391 адам жазылып шықты.

Новости партнеров